Мақтан тұтарлық магистр атағы!

2019 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында 6М030300 – Құқық қорғау қызметі мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураның 20 магистрантына заң ғылымдарының магистрі дәрежесін беретін дипломдарды салтанатты марапаттау іс-шарасы болып өтті.
Салтанатты іс-шараға Академия бастығы заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы, мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы заң ғылымдарының докторы, доцент Болатбек Кабдушевич Шнарбаев, Академия бастығының орынбасарлары және магистранттардың жақын туыстары қатысты.
Дипломдарды табыстау салтанатынан кейін Академия бастығы мен аттестаттау комиссиясының төрағасы түлектерге жүрекжарды ақ тілектері мен болашақ өмірге деген ағалық кеңестерін де аямады. Магистранттар атынан Қ. Омаров Академия басшылығына және ұжымына шын жүректен алғысын айтты.
«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті», — деп бірінші ұстаз Аристотель айтқандай, магистранттардың алған білімдері — болашақ өмірлерінің жарқын болуының бірден-бір кепілі.

ЖООК білім беру институтының магистратурасы