Магистратурада бейне — дәріс сабағы өткізілді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа жолдауында «Білім беру сапасын жақсартуды» баса айтып өтті. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Құқық қорғау органдары академиясының қылмыстық саясат және жазаларды орындау мәселелерін зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, доцент  Сабигуль Джанабайқызы Бекишева «Қазақстан Республикасының ІІО экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» пәні бойынша бейне дәріс оқыды.
Дәріс 2019 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ғылыми-педагогикалық магистратурасының 1- курс магистранттарымен өткізілді.

МҚП кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
М. Смагулов