Латын графикасы: күн тәртібіндегі мәселелер

 

Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімшесінің ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 13 қарашасында «Латын графикасы: күн тәртібіндегі мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Академия қызметкерлері және арнайы шақыртылған «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлмира Талғатқызы Крикпенова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Гүлмира Талғатқызы баяндама оқып, көпшілікті жетілдірілген әліпби нұсқасымен таныстырып өтті.
«Бір дыбыс – бір әріп» қағидатына толық сәйкес келетін жетілдірілген әліпби құрамында 31 әріп бар, оның ішінде әріптерді таңбалау барысында умлаут, бревис, макрон, седиль, тильда диакритикалық таңбалары қолданылған. Тілдің дыбыстық ерекшелігін сипаттауда пайдаланылатын диакритикалық таңбалардың дауысты және дауыссыз дыбыс таңбасының бөлек екені, әліпбидегі әр диакритиканың өз қызметі бар екені атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар латын қарпіндегі әліпби жөнінде ой бөлісіп, осы нұсқаның барынша жеңіл екенін атап өтті.

ІСКБ инспекторы
Б.Жомартқызы