Көңілді демалыс

Спорт-жас жауынгерлердің өмірінің көп бөлігін құрайтын, шымырлығын арттыратын ең басты дүниелердің бірі болып табылады. 2 курс жеке құрамы қараша айының 10 жұлдызында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарысқа курс басшысының орынбасары полиция капитаны Н.Бақытқалиұлы және Тәжік елінен келген курсанттар  қатысты.
Негізгі мақсат: курсанттардың өмірін спортпен байланыстыру болып табылады.
Курсанттар шағын футбол ойнаудан алдарына жан салмай, намысты қолдан бермеуге тырысты. Олардың ішінен үздік деп танылып, озып шыққан командалар марапатталды.

Олар:
1- орын-8 -взвод
2- орын- 3 -взвод
3 -орын-Тәжік елінің азаматтары лайық деп танылды.

Полиция қатарындағы
2 -курс курсанты
А.Бакбаева