Көгалдандыру жұмыстары

Мамыр айының он үшінші жұлдызында 1 курс курсанттары гүл отырғызу жұмыстарымен айналысты. Жұмыстың негізгі мақсаты:жаз айының келгеніне байланысты Академия маңын көгалдандыру болып табылады. Курс ұлдары мен қоса қыз балалар да өз үлесін қосып, керемет айдың ерекшеліктеріне куә болды. Айта кетерлік жайт,бұл жұмыстар академия маңында жыл сайын жүргізіліп, курсанттар өз еңбектерімен осындай жұмыстарға белсене араласып келеді. Гүл егу жұмыстары мен қатар курсанттар сәуір айының соңғы күндерінде ағаш егуді қолға алған болатын. Қазіргі сәтте көшеттер суғарылып,оларға күтім жасалуда. Осындай кішігірім еңбек арқылы жас курсанттар Академия өміріне белсене араласып, бірлік пен елдікті қатар ұстап жүретіні хақ.

1 курс курсанты
полиция қатарындағы
А.Бакбаева