«Кәсіби тұлғаның қалыптасуы мен даму психологиясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел

2021 жылдың 30 сәуірінде Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналған «Кәсіби тұлғаның қалыптасуы мен даму психологиясы» атты онлайн-форматта Халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру және қызметкердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыру, кәсіби тұлға болып қалыптасудың тиімді жолдары мен әдістерін талқылау болды.
Аталған дөңгелек үстелге Ресей ІІМ Орал заң институтының жалпы психология және гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі С.В.Ларионова және қызмет психологиясы және педагогика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., И.И.Савич, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, полиция капитаны Ә.Б.Түсіпбеков қатысты.
Отырыс барысында маман тұлғасының кәсібилігін, жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі мәселелері мен факторлары талқыланды. Сондай-ақ, адамның жеке даму процестері сипатталатын маманның жеке басын қалыптастыру тақырыбы, даму кезеңдерінің өзгеруі, жеке тұлғаның психикалық қалыптасуының кәсіби жолда және қысқа мерзім аралығында әр түрлі іс-әрекеттің өзгеру тәуелділігі қарастырылды.
Өткізілген дөңгелек үстелде негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары көрініс тапты.

Кәсіби-психологиялық даярлық және
ІІО басқару кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты Г.Ахметова