Кәсіби-бағдарлы кездесу

2020 жылдың 5 қарашасында академияның кәсіби даярлық  факультетінің 3 курс 302-304 оқу топтарымен криминология пәнінің «Зорлық қылмыстылығының криминологиялық мінездемесі және алдын алу» тақырыбы бойынша практикалық сабаққа ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет саласында көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан,қазіргі таңда Қостанай қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны Абильнасиров Толқын Мухтарович арнайы қонақ ретінде шақыртылған болатын.
Кездесу барысында курсанттармен көп пайдалы практикалық мәліметтермен бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып,Учаскелік полиция, патрульдік полиция инспекторларының қызметі жөнінде сыр шертті. Болашақта төзімді,батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Сонымен қатар жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің электронды планшеттеріментаныстырып,«Е-штрафы» бағдарламасы және электрондық хаттамалар үлгілерін  көрсетті. Өз кезегінде, курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды
Қорыта айтсақ, өткізілген тәжірибелік сабақта курсанттардың алған теориялық білімі нығайтылып, оқуға деген құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскені байқалды.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М.Қалқаманұлы