Күндізгі оқыту факультетінің 1 курс курсанттары үшін тәжірибелік қызметкермен кездесу

Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын және 2019 жылғы 23 ақпандағы Ішкі істер министрінің орынбасары жанында өткен ведомстволық білім беруді жаңғырту мәселелері бойынша кеңестің шешімін орындау мақсатында Кадр саясаты департаменті ІІМ қызметтерімен бірлесе отырып, ІІМ оқу орындарының ғылыми-білім беру процесіне тарту үшін ІІО тәжірибедегі қызметкерлерінің пұлын қалыптастырды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 2019 жылдың 28 мамырында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы күндізгі оқыту факультетінің курсанттарын тәжірибелік бағыттау үшін (қылмыстық-атқару жүйесі бағыты бойынша) «Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары» пәні бойынша тәжірибелік сабақты өткізу үшін Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ЖІІ аға жедел уәкілі әділет капитаны А.С. Жақсыбаевты шақырды.

Сабақ өткізу барысы кезінде Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ЖІІ аға жедел уәкілі өзінің кәсіптік қызметіне жататын тәжірибелік дағдыларымен, білімдерімен бөлісті және қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметкердің жолында кездесетін қиыншылықтар туралы айтты, сонымен қатар курсанттардың назарын оқудың басынан бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерін білу қажет екендігіне назар аударды. Сондай-ақ тәжірибелік қызметте заң нормаларын жүзеге асыру кезіндегі кездесетін қиыншылықтармен және оларды шешу себебі неде екендігі жайында, Қазақстан Республикасы ҚҚ, ҚАК, ҚПК қандай баптары «жұмыста қолданылатын» және «жұмыста қолданылмайтын» баптарға жататындығын, сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды, олардың негізгі заңдарда, бұйрықтарда және ережелерде кездесетін кемшіліктері туралы, сұрақтарды қарастырды. Курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, айтылған жауаптарды қызығушылықпен тыңдады. Сабақ аяқталған соң, курсанттар аға жедел уәкілге сабақты қызықты өткізгені үшін алғыс айтты. Курсанттар осындай кездесулер өте қызықты және пайдалы екендігі туралы пікірлерімен бөлісті.

Мемлекеттік-құқытық пәндер кафедрасы