Күзгі бал-молшылықтың мейрамы

Ағымдағы жылғы қараша айының 3-і күні Академияның күндізгі оқыту факультетінің 2-4 курс курсанттары мен арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары арасында жалпы академиялық Күзгі бал байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты курсанттардың адамгершілік мәдениетін көтеру, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін тәрбиелеу, еңбек етуге үйрету болып табылады.
Байқаудың қорытындысы бойынша I-орынды 2 курс, II орынды 4 курс, III орынды 3 курс курсанттары иеленді. Іс – шараға қатысқан қатысушылар мен арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары грамоталармен марапатталды.
Байқаудың жеңімпаздары атанған 2-курс курсанттары полиция кіші сержанты Ж.Жақсылықова мен полиция қатарындағы А.Үрдабековті 2019 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы атағымен құттықтаймыз.

Полиция қатарындағы
2 курс курсанты
А. Бакбаева