Курсанттар ІІІ Халықаралық дирижерлар форумын тамашалады

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс курсанттары ағымдағы жылдың 5 ақпан күні  Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өткізілген ІІІ Халықаралық дирижерлар форумын тамашалады. Форумда әлемнің танымал композиторларының композициялары шырқалды. Александр Бородиннің «Серенада», Сергей Рахманиновтің «Здесь хорошо», Александр Варламовтың «Что мне жить и тужить», Николай Римский-Корсаковтың «Садко», Петр Чайковскийдің «Евгений Онегин» және т.б. Музыканттар Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған челленджге қолдау көрсетіп, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің мемлекеттік академиялық Үлкен опера және балет театрының солисті Павел Черных бас-баритон «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

 
3-курс курсанты
полиция кіші сержанты
Г.Максетова