Курсанттар «Сезім» атты кітаптың тұсау кесуінде болды

Қостанай қаласының орталығында орналасқан облыстық Л.Толстой атындағы кітапханаға барып, кітапхананың күнделікті тыныс-тіршілігімен таныса отырып, Ақылбек Шаяхмет Қожаұлымен ақпарат алмасып, ол кісінің тың туындылары мен кітаптарына куә болып, өмірі жайлы мағлұматты алып, тың жаңалықтарымен таныстық. Ақылбек Шаяхмет ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист. Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі — Ақылбек Шаяхмет өзінің жаңа туындысы «Сезім» атты кітабының тұсауын кесті. Бұл жаңа туындысының тұсау кесуі курсанттардың  көңілдерінен шығып, әрқайсысына  естен кетпейтіндей әсер қалдырды.

Ақылбек Шаяхмет  кітап оқу арқылы адамның рухани жан байлығы тазаратынын, іштей байып, көкірек көзі ашыла түсетінін айтып өтті. Осындай салиқалы «Сезім» атты жаңа кітаптың тұсауын кесу шарасына куә болған, біздер, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығына және де 203 оқу тобының кураторы полиция капитаны Әбдәлі Абзал Анварұлына алғысымызды білдіреміз.

203 топ курсанты
Д. Арғынбекова