Курсанттар жүлделі орын иеленді

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру  баршаның борышы.
Осы бағытта ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7-нен бастап 11-і аралығында «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы» медициналық мекемесі өткізген Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Біз салауатты өмір салты үшін!» ұранымен «СӨС» кубогына онлайн спорттық іс-шараға ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  курсанттары белсене ат салысты. Біздің курсанттарымыз әрқашанда спорт бағытында өткізілген өңірлік, облыстық және республикалық деңгейлердегі іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар иеленуімен ерекшеленеді.
Аталған спорттық іс-шарада Академия курсанттары жоғары оқу орындарының арасында белсенділік пен табандылықтың арқасында жалпы командалық екінші орын алып, кубокпен марапатталды. Оларды Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасов: «Әрқашан білім мен спортты ұштастыра отырып, биік белестерден көрінуге сәттілік тіледі. Бүгінгі таңда жаңа ғасыр табалдырығынан аттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы данышпан Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, денсаулық жайлы сөздің мән-мағынасының қадірін түсіну керек. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған. Сіздер Отанын қорғайтын, отансүйгіш болашақ тәртіп сақшылары, жас офицерлерсіздер!» -деді.
Жарайсыңдар, жүлделі орындарыңыз көп болсын!

ІСКБ маман-инспекторы
О. Уақпаева