Курсанттардың тәжірибелік қызметкермен кездесуі

2019 жылдың 28 қазанында Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Н.Қ.Маханбетовтің 301-оқу тобындағы «Криминалистика» пәні «Трасология» тақырыптары бойынша тәжірибелік сабақтары Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі полиция майоры А.Ж.Карбаевтың қатысуымен өткізілді.
Полиция майоры А.Ж.Карбаев курсанттармен тілдесу барысында оқиға болған орында қылмыс іздерін табу мен алу туралы айтты, сонымен қатар өз жұмысының қыр-сырымен бөлісіп, тәжірибе жағынан түсіндірді. Сабақ өту барысында курсанттар тәжірибелік қызметкерге көптеген өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Курсанттарымыз өздеріне қажетті деген мәліметтері алды, жұмысқа деген қызығушылықтары мен құштарлығы артты.
Сабақ болашақ офицерлерімізге сәттілік тілеумен аяқталды.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры Н. Маханбетов