Курсанттардың патриоттық сезімін оятатын фильм

Ағымдағы жылдың 18 қазанында 202–оқу тобы 2-курс бастығының орынбасары Нұрлан Бақытқалиұлымен бірге сейілдемеге шықты. Сейілдеме қызықты оқиғалардан бастау алды. Взвод курсанттарының көңіл-күйін, моральдық-психологиялық ахуалын нығайту, тарихымызбен сусындату мақсатында курсанттар «Арман» кинотеатрында көрсетілген «Томирис» тарихи кинофильмін тамашалап қайтты.
Кино — тарих тамырынан алынған көрініс. Ол еліміз бен жеріміздің қандай қиындықпен келгенін, елі үшін бар күш-жігерін аямауға, өжет ерлеріміз тұрғанда қазақ халқы ешкімнің құлы болмасын көрсете білген тарихи шындық.  Кино курсанттардың бойында патриоттық сезімді оятуға септігін тигізді.
Сейілдеме өз кезегінде қызықты өтіп,  курсанттардың бойында жақсы  әсер қалдырды. Уақытты қызықты әрі пайдалы өткіздік деп ойлаймын.

2-курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Н. Бақытқалиұлы