Куратормен жексенбілік демалыс

 

Күздің тамаша күндерінің бірінде, 2019 жылы 20 қазан күні Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы күндізгі және сырттай оқыту факультетінің 311-оқу тобы жексенбілік демалысын кураторымен бірге өткізді.
Қала ішінде серуендеп, «Арман-3D» кинотеатрында «Томирис» фильмін тамашаладық. Бұл ұлы даланың аты аңызға айналған сақ патшайымы Томирис туралы фильм. Фильмде кішкентай қыздың қалай айбынды жауынгерге айналғандығы, жақындарынан айрылып, сатқындарынан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Курсанттардың ұлттық рухын көтеріп, патриоттық сезімін оятатын тарихи фильм. Кинотеатрдан ерекше сезіммен шықтық. Естелікке суретке түстік. Өтте қызық және ерекше көңіл-күймен демалыс күнімізді өткіздік.

полиция қатарындағы
3-курс курсанты
Н. Жайжанова