Кураторлар жұмысы қорытындыланды


Академияда курсанттардың оқу үлгерімдерімен қатар, тәрбиесіне де үлкен көңіл бөлінеді. Аса көңіл аударылатын жұмыстың бірі – ол курсанттармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру. Ол, әрине, әр топ кураторының міндеті.
Оқу жылының соңында кураторлар жұмысына да қорытынды жасалды. Жыл бойына өздерінің оқу топтарымен бірге болып, қолдау көрсетіп, ақыл-кеңес беріп, жөн сілтеген кураторлар жұмысына кураторлар кеңесінің соңғы отырысы өткізіліп, жұмысы қорытындыланды.
2018-2019 оқу жылында аянбай еңбек еткен топ кураторларының жұмысына баға беріліп, үздік кураторлар аталды.
Келесі оқу жылында да аталған жұмыс жалғасын табады және белсендіріледі деген ойдамыз!

Кураторлар кеңесі төрағасының орынбасары
полиция капитаны
А.Мұрат