Конститутцияның құрдасы бүгінде ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білікті маман, қамқор бала, сүйікті әке, адал жар, жанашыр бауыр және Әлем жүлдегері

Кейіпкеріміз Абилов Қуаныш Ермекұлы осыдан 26 жыл бұрын Қостанай қаласында мұғалімдер отбасында дүниеге келді. №7 орта мектепте білім ала жүріп, бала Қуаныш қатарының алдынан көріне білді. Ол полиция қызметкері болуды Қостанай техника-экономикалық колледжінде оқып жүріп армандаған. Оқуды тәмамдағасын Қостанай қаласы патрульдік күзет қызметі батальонына жұмысқа орналасып, сол жерден Қостанай академиясына ауысып келді. Қазіргі таңда білім ордасында шаруашылық бөлімі бойынша курс старшинсы полиция сержанты қызметінде.

«Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға» — деп Ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай, Қуаныш тек қана Конститутция құрадасы ғана емес, сонымен қатар Әлем жүлдегері. Әр басқан қадамында көптеген жетістіктерге қол жеткізе білген ол, бала кезден спортпен үздіксіз айналысып, төгілген тердің нәтижесін көрсете білді. Ең алғаш 2012 жылы панкратион, джиу-джитсудан әлемдік, республикалық біріншілікте үздіктер қатарынан көрінді. 2008 жылы Павлодарда өткен әлемдік байқауда Чемпион атанса, 2013 жылы Хорватия мемлекетінің Сплит қаласында панкратион сайысынан ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ 2010 жылы Алматы қаласында джиу-джитсудан Азиялық біріншілікте кезекті Чемпион атағын алды. Қуаныштың қанжығасында көптеген жүделі орындар бар. Десе де 2018 жылы ол спорттық мансабын түбегейлі қойып, ендігі кезекте Ішкі істер органдарында білікті маман дайындауға өз үлесін қосуда.

Алайда, өміріндегі ең маңызды жетістігі мен мақтанышы қызы Мединаның дүниеге келуі,-дейді. Үйінің тұңғышы Қуаныштың артынан ерген інісі мен қарындасы, ата-анасы , жары бар. Бауырлары болашақта аға жолын қуып, осы салада төбе көрсеткісі келеді. Ал Қуаныштың ата-анасы тұла бойы тұңғыштарының жауапты қызметте жүргенін мақтан тұтады.

Ал өз кезегінде Қуаныш барша қазақ елін Конститутция күнімен құттықтады.
– Барша қазақ елін, әріптестерімді Қазақтан Республикасының Конститутциясы күнімен шын жүректен құттықтамын! Біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ешқашан қиындыққа мойымай, біздің еліміздің көк байрағын желбіретер жастарымыз көп болсын!

Перизат ЖҰМАБЕК, ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІСКБ инспекторы