Командалық рух — жетістіктің негізі

Жарыс-бұл әрқашанда қызықты оқиға. Өмірінде кем дегенде бір рет жарыстарға қатысып, оларды бақылайтын адамдар шиеленісті ауаның не екенін түсінеді. Жарысқа жеке қатысу бір бөлек, ал командамен қатысу ерекше әсер береді. Кез-келген командалық ойындарда, мейлі ол баскетбол, хоккей, футбол немесе волейбол болсын, біртұтас механизм ретінде жұмыс істеуі қажет.
Ағымдағы жылдың наурыз айының 5 жұлдызында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде дәл осындай қызықты тартыс ойындарына куә болдық,
Соның бірі мини футбол және арқан тарту ойындары бойынша жарыс ІІО қызметкерлері арасында ұйымдастырылып, 6 бірдей команда өз арасында бақ сынасты. Қостанай облысы ПД , Солтүстік Қазақстан облысының ПД, Ақмола облысы ПД, жол қозғалысы қызметі ПД және Академия қызметкерлерінен құралған құрама командасы бой көрсетті.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде полиция полковнигі Дүйсенбеков Қайрат Сыздықұлы қатысты. Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Қаппасов Ербол Төлегенұлы құттықтау сөзімен бастап ойыншыларға сәттілік пен жеңіс тілеп жарысымызды ашық деп жариялады.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған бұл жарыс қызыққа толы болып, екі түрлі сайысты қамтыды. Тартысты тамашалаған көрермендеріміз де өз командаларының жанкүйерлері екендігін көрсетті.
Алғашқы сайыс футбол ойыны барысында Академия қызметкерлерінен құралған құрама командасы алға суырылып шығып бірінші орынды қанжығаларына байлады. Тұғырдың екінші сатысына көтерілген Солтүстік Қазақстан облысы ПД екінші орынды иеленді, бар күшін салып Көліктегі ІІО ПД үшінші болып, жеңіске жетті.

Жарыстың ең қызықты және мықты сайысы арқан тартысына да кезек келіп, командалар арасындағы қызу қанды тартыс көрермендер мен жанкүйерлердің қызығушылығын арттырды. Сайыс барысында көліктегі ІІО ПД және Ақмола облысының ПД командалары жүлделі бірінші орынға күш сынасты. Нәтижесінде ІІО көліктегі ПД командасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленсе ал екінші орынға Ақмола облысы бойынша ПД командасы табан тіреп, Солтүстік Қазақстан облысының ПД командасы тұғырдың үшінші сатысынан көрінді.

Бұл жарыс өз мәресіне жетіп, көрермендер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер қалдырды.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р. Кутымбаев