Командалар арасында үстел теннисі ойналды

«Денсаулық — 2020» спартакиадасы үстел теннисі  ойынымен жалғасын табуда. Қазіргі уақытта теннис балалардың, студенттер мен жасөспірімдердің арасында өте танымал болып табылады, оған қоса адамның физикалық және психологиялық денсаулығына да пайдалы. Үстел теннис ойыны адамда  жігерлікті, қайраттылықты, тез уақытта шешім қабылдауды және командада жұмыс істеуге үйретеді. Академия командалары үстел теннис ойынынан кейін футбол ойынын ойнайды. Командаларға жеңіс тілейміз!

Баспасөз қызметі