Киноның қызық әлемі


Келе жатқан емтихандардың алдында курсанттардың көңіл-күйін, взводтағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында 2019 жылғы 26 мамыр күні күндізгі оқыту факультетінің 202 оқу тобына сейілдеме ұйымдастырылды. Сейілдеме барысында курсанттар көктем келісімен көркейе түскен қаламыздың қызықты жерлерін аралап тамашалады. Демалыс күні кинотерапиямен аяқталды.
Кино дегеніміз үлкен қызық әлем екендігі бәрімізге мәлім. Ол әлемде тарих пен қазіргі заман әлемі, шындық пен ертегілер, махаббат пен өшпенділік бар. Киноны барлығы кішіден үлкенге дейін жақсы көреді, өйткені фильмді көру — қызықты және танымдық процесс болып табылады. Кино бос уақытты көңілді, көркем өткізуге мүмкіндік береді, көңіл-күйді көтереді немесе керісінше, қайғылы ойларға әкеледі. Кино көрерменге күлкі мен жас, қайғы мен қуаныш сияқты әртүрлі эмоциялар тудыруы мүмкін.
Курсанттардың осылай кинотерапия түрінде өткен демалыс күні әрқайсымызға жадыраңқы көңіл-күй сыйлап, алдағы ауыр апта алдында моральдық күш-қуат берді деген сенімдемін.

202 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
В. Касенова