Келісімді іске асыру



2019 жылғы 24-27 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында аумақтық полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары, қалалық, аумақтық, желілік органдарының бастықтары, олардың орынбасарлары, Қостанай облысының жергілікті полиция қызметінің бастықтары үшін өткен «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» атты семинарына мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Ақылбекова «Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша халықаралық стандарттар: кәзіргі іске асыру тетіктері» тақырыбымен, тілдер кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Е. Бекжанова педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры А. Федотовамен бірлесіп «Құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», «Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметіндегі нәтижелерге бағдарлануы және клиенттерге бағдарланған қағидалары» тақырыптарымен, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы, полиция майоры А. Смышляев «Полиция органдарының жергілікті атқарушы органдарымен және халықпен тиімді өзара әрекеттесу технологияларымен Үкіметтік емес ұйымдармен өзара тиімді әрекеттесу құралдары» тақырыбымен қатысты.
Оқытушылардың «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» семинарына қатысу мақсаты — жергілікті органдармен өзара іс-қимылда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша барлық деңгейдегі полиция органдарының басшыларын дайындауға қатысты ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға жәрдемдесу, ішкі істер органдарының имиджін арттыру, халықпен жұмыс жасаудың жаңа форматтарын және жұртшылықпен байланыс сапасын тәжірибеге еңгізу.
Осы семинарды бірлесіп өткізу біздің ұйымдар арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың айғағы болып табылады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
А. Ақылбекова