Кезекті тәжірибелік сабақ

Оқытудың тәжірибелік бағытын нығайтуды жалғастыру мақсатында,  тәжірибелік қызметкерлерді қатыстыру жоспарына сәйкес 3-курс 301, 307-оқу топтарының курсанттарына «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, тәрбиелік әсер ету, жалпы және кәсіби білім беруді құқықтық реттеу» тақырыбында тәжірибелі қызметкер УК-161/2 мекемесінің өндіріс бойынша зауыты бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарған отставкадағы майор, УК-161/2 мекемесінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР ӘдМ ардагері М.А. Бурктубаев тәжірибелік сабақ өткізді.

Мирамбек Агубаевич болашақ қызметкерлерге бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тәртібі, оларға тәрбиелік әсер ету, жалпы және кәсіби білім беру тәртібі туралы және т.б. мәселелер жайында айтып өтті.
Сонымен қатар ардагер курсанттарды мекеме макеті орналасқан полигонда мекеменің құрылымымен, аумағындағы орналасқан өндірістік және тұрғын аймақпен таныстырды.

Қылмыстық құқық
және жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының оқытушысы,
полиция капитаны
А. Мұрат