Кафедраның ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамы мен біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларымен «Ішкі істер органдарының ақпарат құралдарымен қарым-қатынасының ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты азаматтардың аудио, фото және видео тіркеуін жүргізу кезінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру болып табылады.
Қазіргі танда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірді қалыптастыратын ықпалды әлеуметтік институтқа айналды. Нәтижесінде олармен өзара қарым-қанынасы Ішкі істер органдарының басқару қызметіндегі маңызды компоненті болып табылғандықтан жалпы заң пәндері кафедрасы осы мәселені дөңгелек үстелде екіге бөліп қарастырып, тәжірибесі бар қызметкерлермен сұқбаттасып, ұсыныстар берілді.