Имандылық – тәрбие негізі

Имандылық – адамның адамгершілік, ізгілік қасиеттері, дүниетанымындағы парасат пайымы, мінез-құлқының айнасы.  Бойындағы ар-ұятын, ынсап, қанағат сияқты асыл қасиеттерден тұрады.  Қазақ халқы жүзі жылы, тәрбиелі, салмақты адамды кезіктірсе «иманы бар екен», «иманжүзді екен» деуі де содан шықса керек. Сондықтан тәрбие беруде имандылықтың алар орны да ерекше.
Ішкі істер министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған идеологиялық және тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының және Күндізгі және сырттай оқыту факультетінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 18 қыркүйегі күні Қостанай академиясының 2 курс курсанттарына Қызылорда қалалық «Мүсірәлі-Ата» мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Арынов Берік Суиндикович, Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Бейсекеев Абзал Сұлтанғалиұлы қатысқан кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты – курсанттардың бойына жоғарыда аталған қасиеттерді дарыту, жаман әдеттерден сақтау, жағымсыз әрекеттерден бойын аулақ ұстау, үлкенге ізет, кішіге көмек көрсете білу, сыйластық, достықты бағалай білуге баулу болды. Сонымен қатар, соңғы кезде елді елең еткізер теріс бағыттағы діни ағымдардан сақтану мәселесі де қозғалды.

ҚҚАҚжК кафедрасы