Зейнеткерлік демалысқа шығуларымен құттықтады

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында талай жыл еңбек етіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген полиция полковнигі Александр Юрьевич Сметановский мен полиция подполковнигі Замзагүл Мырзалиевна Сүйеубаеваны Академия бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов қабылдап, зейнеткерлік демалысқа шығуларымен құттықтады.
Александр Юрьевич біраз жыл «Арнайы тактикалық даярлық» кафедрасын басқарған білікті маман. Замзагуль Мырзалиевна 15 жылдан астам уақыт «Қылмыстық құқұқ және жазаны орындауды ұйымдастыру» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етті.
Құттықтау барысында Нұрлан Амангелдіұлы Александр Юрьевич пен   Замзагүл Мырзалиевнаға Академия қабырғасында атқарған адал қызметтері үшін алғысын білдіріп, олардың талай курсантқа терең білім мен саналы тәрбие берген ұстаздардың қатарынан екендігін ерекше атап өтті.

ІСКБ инспекторы Қ. Нағашыбай