Заң ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің «6М030300 – Құқық қорғау қызметі»  мамандығы бойынша ғылыми және педагогикалық магистратураның 2018 жылғы қабылданған магистранттары 2020 жылғы   16 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясын тамамдады.
Қорытынды аттестацияны 19 магистрант жақсы тапсырып, магистрлік диссертацияларын «өте жақсы», «жақсы» деген бағаларға қорғады және заң ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болып, мемлекеттік үлгідегі дипломдарын алды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы бастығы полиция полковнигі Н.А. Биекенов магистранттарды осы қуаныштарымен құттықтап, жаңа өмірлеріне ақ жол, сәт-сапар тіледі.
Өз кезегінде магистрлер Академия басшылығы мен жеке құрамына алғыстарын білдірді.

 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті