«Заңгер» ғылыми үйірмесі аясындағы онлайн конференциясы

Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының және Ғылыми-зерттеу орталығының бірлесіп қатысуымен ағымдағы жылдың 19 мамыр күні «Заңгер» ғылыми үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес «2019-2021 жылдарға арналған жол картасын жаңғырту аясында Қылмыстық атқару жүйесіндегі қызметкерлерінің құқықтық санасын жетілдіру» тақырыбында курсанттардың ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.
Бұл конференция алғашқы рет Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтті. Конференцияның жұмысы Ғылыми-зерттеу орталығының бастығы, заң ғылымдары кандидаты, полиция полковнигі Альфия Булатовна Айтуарованың құттықтау сөзімен және қатысушыларға сәттілік тілеуімен ашылды.
Конференция жұмысын Жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, (PhD) философия докторы, полиция майоры Ерболат Ержанұлы Қайнар жүргізіп отырды.
Конференция жұмысы барысында курсанттармен «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясындағы өткізіліп жатқан іс-шаралары талқыланып, оларды жүзеге асырылуының өзекті жақтары қозғалды. Конференция жұмысына 2-3 курс курсанттары қатысты, жұмыс барысында курсанттар белсенді қатысып қызу талқылауға түсті.

Жалпы заң пәндер кафедрасы