Заман талабына сай полиция қызметкерлері

2019 жылдың 15 қарашасында 3-курс 308-оқу тобында 2019 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 16-тармағына сәйкес енгізілген Полицейлік стандарт кураторлық сағат аясында талқыға салынды.
Полицияда қызмет атқару  қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және полицейдің жеке және кәсіби қасиеттеріне жоғары талаптар қояды.
Еліміздің әр азаматы өзін қауіпсіз сезінуі, полицейде қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын және оның өмірін, денсаулығын, абыройы мен қадір-қасиетін қылмыстық қол сұғушылықтан сенімді қорғай алатын өзінің қорғаушысын көруі тиіс.
Әр полиция қызметкері Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзіне жүктелген міндеттерді жетік менгеруі тиіс. Кураторлық сағат барысында курсанттар шығарылған бұйрықпен танысып, өз ойларымен бөлісті.

308-оқу тобының кураторы
полиция майоры
Б. Арстанбаева