Жұмыс дағдыларына үйрету ақпараттық жүйелермен

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттары үшін прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен сабақ өткізілді.
А.ж. 9 қарашада аға прокурор Тимур Құрманғалиев пен прокурор Мирас Беркенов «Электрондық қылмыстық іс», «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» (ӘҚББТ) ақпараттық жүйелерімен жұмыс бойынша алғашқы кәсіби даярлық курстарының курсанттары мен офицерлеріне арналған оқыту практикалық сабақтарын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

— Білім алушылардың сабақ барысында алған білімдері мен дағдылары курсанттар үшін олардың алдағы практикалық қызметінде жақсы демеу болып табылады, — деп атап өтті аға прокурор Т.Құрманғалиев.

КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ