«Жыр жазамын жүрегімнен» атты тақырыптық көрме

                                            «Қазақтың бас ақыны-Абай Құнанбаев. Одан  
                                              асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында   
                                            біз білетін ақын болған жоқ»

                                                                                               Ахмет  Байтұрсынов

10 тамыз – қазақтың ұстазы, ақыны, ағартушысы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбаевтың туған күні.
Аталған күнге орай Академия кітапхансының оқу залында  «Жыр жазамын жүрегімнен»  атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев», «Әдебиет туралы», «Абай жолы» романының 4 томы, «Абай және қазіргі заман», Абайдың «Қалың елім,қазағым»,  «Қара сөздері», «Книга слов»,   Ж.Ысмағұловтың «Абай: ақындық тағылымы», Д.Досжанның «Абай айнасы», Қ. Мұхамедханұлының «Абайдың ақын шәкірттері» атты кітаптары мен Академия курсанттарының мақалалары  қойылды.
Абайдың ақындық еңбегін, тарихын алға қойған, бағалаған, насихаттаған, шығармашылық тұрғыдан зерттеген, абайтанудың негізін қалаушы академик, атақты жазушы Мұхтар Әуезов екенін еш ұмытпаулары керек.

Библиограф  Р. Нұрханова