Журналистер күнімен құттықтаймын!!!!

«Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес маусым айының соңғы жексенбісі — Баспасөз, телевидение және радио күні болып белгіленіп, бұл күнді елімізде журналистердің төл мерекесі ретінде атап өту дәстүрге енді. Елімізде Журналистер күні 28 маусымда атап өтіледі.
Барша журналистер қауымын, курсанттардан құрылған баспасөз қызметінің баспасөз хатшыларын журналистер күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, Академияның беделін арттыру, қазақстандық полицияның ақпараттық және имидждік саясатын жақсарту бағытында атқарған істеріңізге жеміс, мақалаларыңыз көп болсын, жазарларыңыз таусылмасын, жақсылықтың хабаршысы болып, болашақта білімді де білікті тәртіп сақшысы болуларыңызға тілектеспін.

Бар күшін сап ақпаратты іздеткен,
Халыққа олар жеткізуге бастаған.
Ақпаратты таратушы қызметтің,
Орны бірақ ерекше ғой басқадан.

Ақпаратты халық жылдам білу үшін,
Аралайтын жерді күнді ғаламдар.
Жаңалықты жылдам елің көру үшін,
Қызмет жасайды журналист мамандар.

Кешетұғын теңіз мұхит аралдар,
Жинау үшін елге қызық хабарлар.
Жұмыс жасайтын жылдам халық білу үшін,
Баспасөздің қызметінде мамандар.

Орны бөлек бұл бір тылсым адамдар,
Бал таматын басқан сөздің тілінен.
Құттықтаймыз баспасөздің қызметін,
Бүгінгі осы Журналистер күнімен!!!

полиция кіші сержанты
3 курс курсанты
Әділ Ілияс