Жол қауіпсіздігі басты назарда

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Академия» волонтерлік клубы  М.Хакімжанова атындағы №20 орта мектептің  бастауыш сыныбына  «Жол қауіпсіздігі» атты дәріс өткізді.
Өскелең ұрпақтың, әсіресе мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен денсаулығы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің басты назарында. Атақты шетелдік психолог Луйза Хей ханымның «Көгілдір кітап» атты шығармашылығына көз жүгіртсек, «кез келген адаммен сұхбаттасар алдында, олардың балалық жағын сұраймын» — деген екен. ІІО қызметкерлерінің негізгі мақсаты — қылмыстың алдын алу, профилактикалық жұмыс жоспарын жүргізу. Бүгінгі таңда  оқушылардың жолдағы қауіпсіздігі мен көшедегі жүріс-тұрысы жіті бақылауды қажет етеді.

Бастысы, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға ерте бастан дағдылануы керек.  Соған байланысты «Жол қауіпсіздігі» тақырыбын алуды жөн көрдік. Жол қауіпсіздігі дегеніміз — жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғалу деңгейін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі туралы айтылды.

3 — курс курсанты
полиция кіші сержанты
Г.Максетова