Жеңіс жолынан жаңылмады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналып, екі күнге жалғасқан хоккей турнирі өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Алдынғы ойында атап өткендей 4 команда бәсекеге түсті. Ойынның алғашқы күні Қостанай академиясының құрамы «Максимум» командасымен кездесіп 9:2 есебімен жеңіске жетсе, 5:3 есебімен Рудныйлық «Ирбис» командасы Қостанайлық «DAIVA» командасынан озды.

Финалдық бәсекеде ІІІ орынға «Максимум» командасы жайғасса, осы турнирдің үздігі деп танылған Қостанай академиясының құрамасы 6:4 есебімен қарсылас команда DAIVA-ны ойсырата жеңді.
Жеңіс жолында Академия құрамасында аянбай өнер көрсеткен әріптесіміз жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция полковнигі Донанов Рустам алғашқы ойында 2 гол соқса, финалдық бәсекеде 1 жеңіс шайбасын командасына сыйлады.
Достық бәсекеде сынға түскен командалар көрермендерге кәсіби  ойын көрсетті. Турнир соңында Қостанай академиясының бастығы Н.Биекенов командаларды марапаттап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде «Академия» құрамасы Нұрлан Аманкелдіұлына арнайы хоккей жейдесін табыстады.
Сондай-ақ ойын барысында көзге түскен ойыншылар марапатталды. «Үздік шабуылшы» номинациясын Севастьянов Сергей («Академия» құрамасы), «Үздік бомбардир» номинациясын Красноперов  Валера («Академия» құрамасы),  «Үздік қақпашы» номинациясын Савчинка Максим («Академия» құрамасы),  «Үздік қорғаушы» номинациясын Едигенов Руслан («Максимум» құрамасы) және де «Ең құнды ойыншы» номинациясын Курешевич  Евгений («DAIVA»  құрамасы) иеленді.

Турнир соңында команда капитандары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып,  ризашылықтарын білдірді.

ІСКБ