Жергілікті полиция қызметкерімен кездесу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы 3-курс 301-оқу тобы курсанттарының Біліктілікті арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушысы полиция майоры Е.Байхановпен кездесуі өтті. Кездесу барысында полиция майоры Е.Байханов ішкі істер органдарында  он жылдан астам  еңбек өтілімінен әнгіме-сұхбат жүргізді. Ол Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта ЖПҚ УПИ бастығы болып жұмыс атқарады.
Кездесудің мақсаты – теорияда оқып, үйреніп жатқан заңдылықтарды тәжірибемен ұштастыру. Қызмет уақытында туындайтын қиындықтармен бөлісті.
Біздің қоғамда полицияның алатын орны қандай екендігін және қандай болуы тиістігіне тоқталды. 301-топ курсанттары: Ж.Актаев, Д.Орынбек, С.Нақыпбеков өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, өз білімдерін толықтырды, сонымен қатар қосымша ақпараттар алды.

ІІО Әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
М.Жумашев