Жексенбілік  күн

Жексенбі — әрбір адам үшін еркін тыныға алатын бағалы да қуанышты күн. Жексенбі күні Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының кәсіби даярлық  факультетінің 308-топ курсанттары «Лёд 2» киносын тамашалауға барды.
Топ курсанттары кинодан алған жақсы әсерлерімен бөлісіп, өмірлік мәні бар әңгімелер айтылып, талқыланып және пікірталаста орын алды. Топ кураторы өзінің көзқарастарын түсіндіріп, өз ойымен бәрін тәнті қылды.
Мәдени-демалыс қызметі Ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлері арасында шығармашылық белсенділікті дамыту үшін қажет. Сол себепті осындай сейілдемелер алдағы уақытта жалғасын табады.

308 оқу тобының кураторы
полиция майоры
Б. Арстанбаева