Жедел-тактикалық оқу-жаттығуларға қойылған міндеттер сәтті орындалуда.

27 мамыр мен 14 маусым аралығында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-далалық лагерінде күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттарымен жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді.

Жедел-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты — серпінді дамып келе жатқан жағдай аясында теориялық білімді тереңдету, курсанттардың әртүрлі лауазымдарда функционалдық міндеттерін өз бетінше орындауда практикалық дағдыларын бекіту және штаттан тыс жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындығын қалыптастыру, нақты жағдайды дұрыс бағалай білу, төтенше жағдайларда қажетті кәсіби-психологиялық дағдылар мен біліктілікті дамыту.

Курсанттардың арнайы операция жүргізу кезінде ІІО бөлімдерінің күштері мен құралдарын пайдалана білуін, сондай-ақ өзінің лауазымдық міндеттерін орындау және заңдылықты қатаң сақтау үшін жоғары жауапкершілікті тәрбиелеу.

Оқу-жаттығуларға қойылған міндеттер:

— Қызметкерлерді экстрималдық жағдайларда іс-қимыл жасауға кәсіби-психологиялық дайындау.

— Арнайы операцияларды жүргізу барысында халықпен жұмыс істеу дағдыларын пысықтау.

— Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына (қауіпсіздігі аралас мекемелерге) қабылдау бойынша жеке құрамның іс-қимылдарын, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жазаны өтеу режимін сақтауға бағытталған кезекші ауысымның іс-қимылдарын машықтандыру.

— ҚАЖ мекемесі жеке құрамының сотталғандардың қашуы, тексеру кезінде сотталғандардың болмауы кезіндегі іс-қимыл дағдыларын пысықтау.

— топтық бағынбау және жаппай тәртіпсіздік орын алуы туралы хабарлама алған кезде ҚАЖ мекемесі жеке құрамының іс-қимыл дағдыларын пысықтау.

— Физикалық күшті, арнайы құралдарды және атыс қаруды қолдану дағдыларын пысықтау.

-Құқық бұзушылық (әкімшілік және қылмыстық сипаттағы) анықталған кезде ЖПҚ қызметкерлерінің (учаскелік инспекторлардың, жол-патрульдік қызмет инспекторларының) іс-қимыл дағдыларын пысықтау.

-Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде жедел-тергеу тобының іс-әрекетінің дағдыларын пысықтау.

— Оқиға орнын (жергілікті жер учаскесін, пәтер, автокөлік құралдарын) қарау дағдысын пысықтау.

— Трасологиялық іздерді табу, бекіту және алу дағдыларын пысықтау.

— Жауап алу (жәбірленушінің, куәнің, күдіктінің), тінту (автокөлік құралдарын, үй-жайларды және жеке тінту), алу, ұсталғандарды іс жүргізушілік ресімдеу дағдыларын пысықтау.

— Адамдарды кепілдікке алған кезде келіссөз жүргізушілердің іс-қимыл дағдыларын, конструктивті диалог пен келіссөз құра білу, өзіне сенім орнату және сендіру, тұжырымдарды дәлелдей білу және ойды қисынды баяндай білу дағдыларын пысықтау.

— Жеке психологиялық сипаттамаларды есепке ала отырып, кәсіби икемділік, жедел психодиагностика, психологиялық қарым-қатынас орната білу дағдыларын пысықтау.

— Пробациялық бақылаудың бұзылуы анықталған жағдайда пробация қызметінің іс-әрекет дағдыларын пысықтау.

— Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды анықтау бойынша ЖІШ жүргізу дағдыларын пысықтау.

— ЖПҚ күштерімен және жедел қызметкерлермен күдіктілерді ұстау дағдыларын пысықтау.

— Дәрігерге дейінгі көмек көрсету дағдыларын пысықтау.


Оқу-жаттығуларды өткізу барысында атыс және суық қарудың макеттері, криминалистикалық және басқа да арнайы құралдар, сондай-ақ іс жүргізу құжаттары қолданылады.

Осы оқу-жаттығуларды өткізу курсанттарға қызметтік міндеттерді орындауға психологиялық және физикалық мүмкіндік береді, өйткені ішкі істер органдары орындайтын күнделікті жедел-қызметтік және қызметтік-жауынгерлік міндеттердің күрделілігі курсанттардан жоғары моральдық-ерік қасиеттерін, тамаша психологиялық және дене шынықтыру даярлығын, төтенше жағдайларда қызметтік міндеттерді орындаудың жоғары кәсіби шеберлігін, сондай-ақ оқу бағдарламасының барлық пәндері бойынша білімді, шеберлікті және дағдыларды көрсетуді талап етеді.









 

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы