Жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкерімен өткізілген онлайн сабақ

2021 жылдың 16 ақпанында кафедра оқытушысы полиция капитаны Г.Кужарова кәсіби даярлық факультетінің 3-курс 308-оқу тобының курсанттары арасында «Криминалистика» пәні бойынша «Криминалистика тактикасының жалпы қағидалары» тақырыбында Қостанай қаласының полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінің криминалисті полиция капитаны Х.Мурзагалиеваны оқу процесіне тарта отырып, онлайн сабақ өткізді.

Сабақ барысында полиция капитаны Х.Мурзагалиева оқиға орнына бару, оқиға орнынан фотосуреттер мен бейнелерді дұрыс түсіру, іздерді, заттай дәлелдемелерді және  оларды сараптамаға жіберу үшін үлгілерді алып қою, сондай-ақ қылмыстық іске әрі қарай тарту және оларды пайдалану туралы практикалық мысалдар келтіріп,  қылмыстық құқық бұзушылықты шешуде мысалдар келтірді. Жедел-криминалистикалық бөлімнің практикалық қызметкерін тыңдап және сұрақтарына жауап алған  курсанттардың пәнге деген қызығушылықтары артты.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Г.А. Кужарова