Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында осы тақырыпта Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жасады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды, еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары айтылды.
«Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз», – делінген Жолдауда.
Ағымдағы жылғы бірінші қыркүйек – Білім күнімен тұспа-тұс келген Жолдауды Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен кәсіби даярлық факультетінің курсанттары ұйымдасқан түрде тыңдады.

ІСКБ