Жауынгерлік тәсілдерді шыңдаудағы тәжірибелік сабақ

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Костанай академиясы Дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Р.Кутымбаевтың бастамасымен Қостанай облысы Полиция департаментінің алғашқы даярлық басқармасы бөлімінің бастығы, полиция майоры М.Молдабаев және оның әріптесі полиция аға лейтенанты Г.Мұхтаров Академия курсанттарына жауынгерлік тәсілдерін шыңдау мақсатында тәжірибелік сабағын өткізді.

Кездесу барысында тәжірибелік қызметкерлер 3-курс 304-топ курсанттарына Қазақстан Республикасының №127 бұйрығына сәйкес қылмыскерді ұстау және еріп жүру әдістері тақырыбы бойынша өз шеберліктерімен бөлісті. Осы іс-шара кезінде полиция майоры әріптесімен бірлесіп өз қызмет жолында қолданған қылмыскерді ұстау әдістерін, сондай-ақ  қаруланған қылмыскерді қарусыздандыру жолдарын көрсетті.

Сабақ соңында курсанттарды өмірлік құндылыққа тәрбиелеу және  болашақта атқаратын қызметіне қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сұхбаттаса отырып, өз тәжірибесіндегі естеліктермен бөлісті. Алдағы уақытта Академия қызметкерлері мен курсанттарына дене даярлығы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен тәжірибелік кездесу іс-шаралары жалғасын таба бермек.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты     
Р.Кутымбаев