Жас қаламгер — курсанттар!

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының  жалындаған жігері бар, жас кезінен бастап өнерімен көзге түсіп, ақындық өнердің жолын қуып,  танымал болып жүрген  күндізгі оқыту факультетінің  4-курс курсанты полиция кіші сержанты Әділ Ілиястың, полиция қатарындағы 3-курс курсанты Лашын Ерболаттың, полиция қатарындағы 2-курс курсанты Аида Бакбаеваның жүректен шыққан бірқатар өлеңдері «Жас керуен» кітабында жарық көрді. Жас қаламгер курсанттарымыз ағымдағы жылдың 01 қарашасында «Қазақстан-Қостанай» телеканалының «Тобыл таңы» бағдарламасында сөз сөйлеп, жүрек жарды өлеңдерін оқыды. Жас қаламгерлерімізге шығармашылық табыс, болашақта кәсіби білікті тәртіп сақшысы болуларына тілектеспіз!