«Жас Отан» жастар қанатының өкілімен кездесу

2019 жылғы 25 қазан күні Қостанай қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облыстық филиалының төрағасының орынбасары Асель Мусагалиевна Ахановамен кездесу өтті. Аталған іс-шараға Академияның күндізгі оқыту факультетінің 302 оқу тобының курсанттары қатысты.
Кездесу аясында Асель Аханова курсанттармен диалог ретінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бұл — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа алғашқы Жолдауы. Мемлекет басшысының Стратегиясында елдің одан әрі дамуына қатысты оның жеке көзқарасы белгіленген.
Біз Президенттің жаңа бастамалары ел азаматтарының жүректері мен ақыл-ойынан көрініс табатынына және Қазақстан әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енетініне нық сенімдіміз.

302 оқу тобының кураторы
полиция капитаны
В. Касенова