Жасөспірімдердің құқықтық санасын тәрбиелеу

Құқық бұзушы жасөспірімдер қазіргі қоғамда өте күрделі және даулы мәселелердің бірі болып табылады. Өкінішке қарай, кәмелетке толмағандар бұзушылық әрекеттерді жасау барысында оның қандай ауыр зардаптар мен салдарға әкеп соғатынын біле бермейді.
Осындай әрекеттердің салдарын түсіндіру мақсатында Қостанай ауданы Алтынсарин орта мектебінің басшылығының шақыруымен 2019 жылғы 27 қарашада қылмыстық құқық және жазаларды орындауды ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары полиция подполковнигі З.М. Суйеубаева мен полиция майоры М.В. Олексюк осы мектептің 8-11 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларына өздерін қоғамдық ортада ұстау ережесін сақтауды үйрету; құқықтық тәрбиелік жұмыстарын жүргізу болып табылды. Оқушыларға қылмыстық құқықбұзушылық дегеніміз не екендігі мен заңнаманың нормаларын бұзған жағдайда тағайындалатын жаза түрлері жайында айтылды. Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқықбұзушылықтардың сипатын, сонымен қатар құқықбұзушыларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын ашатын бейнематериалдар көрсетілді.
Әңгімелесу барысында оқушылар да мектептің мұғалімдері де қызығушылық танытып, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында оқушыларға Академия оқытушыларымен әзірленген «Құқық бұзушылықтарға қалай жол бермеуге болады» деген жаднама таратылды.

ҚҚжәне ЖОҰ кафедрасының оқытушылары
полиция подполковнигі З.Суйеубаева,
полиция майоры М.Олексюк