«Жастар және заман» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Еліміздің келешегі-бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты»
Н.Ә. Назарбаев

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Олай болатын болса, біз бүгінгі жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер қазіргі жастардың бойында бар ма? Осындай мазмұнда 2019 жылдың 29 қазанында 3-курс курсанттарымен «Қоғамның рухани және мәдени қауіпсіздігі» пәні бойынша «Жастар және заман» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты — өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Дөнгелек үстел барысында салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік, жатжұрттық әсерден бойды әсте аулақ ұстау тақырыптарында курсанттар өз ойларын ортаға салды.

ӘГП кафедрасының оқытушысы
Б. Курмангалиева