Жастар жылына арналған Қостанай облысының чемпионаты

«2019 – Жастар жылына» байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, додалар, сайыстар атқарылуда. Дәл осы ағымдағы жылдың ұранын ұстана отырып, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қабырғасында да көптеген мерекелік іс-шаралар бой көтерді. Соның бірі мамыр айының 18 және 19 күндері аралығында оқу орнымыздың спорт кешенінде Жекпе-жек сайысынан 16-17 және 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында Қостанай облысының чемпионаты өткізілді. Бұл аламан додамызға Қостанай өңірінің әр қырынан 7 команда қатысып өзара бақтарын сынады. Сайысқа барлық спортшылар жоғары дайындықта келген. Аталмыш жарысымыздың ашылу салтанатында Академия бастығы Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді, артынша сөз кезегін өз тізгініне алған жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының бастығы полиция майоры Мади Бақытбекұлы Абдрахманов спортшыларымыз бен көрермен қауымды аламан додамыздың ашылу салтанатымен құтықтап, ізгі тілегін жаудырды. Жарысымыздың құрметті қонағы болып келіп отырған Қазақстан Республикасының джиу-джитсу спортының призиденті Мурат Бермухамбетовке сөз кезегі берілді. Құрметті қонағымыз өз ризашылығын білдіріп, барлық жарысқа қатысушыларымызға жеңіске жетулеріне тілектес екендігін айтып өтті. Осындай керемет тілектерден соң Академиямыздың 3-курс курсанты Куйканова Балымның орындауындағы әсем әнмен және жекпе-жек майталмандары шым-шытырық өнерін халыққа паш етіп, жарысымызды әдемі көңіл күйде ашты, артынан 2-курс курсанты Сәрсенәлі Рүстемнің қазақ жігіттері атты әнімен жалғастырды. Қостанай облысының аудандарынан келген командалар жүлделерге ие болып, ақ тілектерін жаудырып, жарысымыздың жоғарғы дәрежеде өткенін айтып, алғыстарын білдірді. Аталмыш додамыз өз сатысында жоғары дәрежеде өткізілді деп есептейміз. Додамызда жүлдеге ие болған спортшыларымыз:
1 орын Мамыров Мирзат, Галибеков Бекжан, Нуркушова Мадина.
2 орын Нурпейсов Асат, Байдылда Мият, Иванов Евгений, Исаев Жігер, Асимакун Диана, Махмут Айгерим.
Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының оқытушысы полиция лейтенанты Р.Кутымбаев