Жастар жылына арналған Қостанай облысының чемпионаты

2019 жыл — Жастар жылына байланысты елімізде көптеген іс-шаралар, мерекелік додалар және сайыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Меңдіқара ауданы Боровской ауылында «Меңдіқара Барысы» атты қоян — қолтық ұрысынан облыс бойынша турнир ұйымдастырылды. Аталмыш турнирде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсант спортшылары бой көрсетті. Бұл сайыс жыл сайынғы дәстүрлі  және қорытынды сайыс болып табылады. Аталмыш турнирге облысымыздың әр қиырынан 5 команда,  60-қа жуық спортшылар қатысып, өз өнерлерін паш етті. Спортшылар өте жоғарғы дайындықта келгені көрінді, сол дайындықтарына дес бермей, біздің Академиямыздың спортшылары топ жарып,  5 алтын, 3 күміс, 2 қолаға қол жеткізіп, алға  шығып, команда бойынша 2- орынға табан тіреді. Спортшыларымыздың жоғары дәрежеде өнер көрсеткендері үшін жаттықтырушыларымыз қуанып, алдағы болатын көптеген облыстық және республикалық  дәрежедегі додаларда алдыңғы қатардан көрінетіндеріне сенімдерін білдірді.

Жауынгерлік және дене дайындығы
кафедрасының оқытушысы
полиция лейтенанты
Р.Кутымбаев