Жастарға тәлімгерлік ниетпен….

Пробация мамандарын оқыту орталығының 2019 жылдың алғашқы тыңдаушылары өз біліктілігін арттыру курстарына келуі – Академия тыңдаушыларына да зор үлесін әкелді.
Республикамыздың барлық өңірлерінен келген пробация аға инспекторлары, бөлім бастықтары 3-курс курсанттарының сабағына қатысып, өз тәжірибесімен, практикада кездескен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Осындай кездесудің біріне «Пробация қызметі мен полиция бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру» тәжірибелік сабағына ОҚО ҚАЖД Шымкент қаласының пробация бөлімінің бастығы әділет майоры Қамбарбаев А.А. және әділет подполковнигі Жусупбеков О.К. қатысты. Практика жұмысшылары курсанттардың сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақ маман иесі болуына, әскери-қызметтік тәртіпті сақтауға қазірден бастап ұстануды шақырды. Жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарға адал төзуге, еліміздің көркеюіне, полиция қызметінің абыройын көтеруге насихаттады. Академия курсанттары, жастары – еліміздің болашағы, оларға үлкен міндет жүктелгені туралы ұмытпауы тиіс. Осындай тәрбиелік мәні бар кездесулер олардың өз қызмет жолын дұрыс тандағанына күмән етпей, халқымыздың адал қызметкерлері болуына бағыттайды.

ІІОӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Абишева А.К.