Жан жылуы

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық пен қайырымды іс жасау. Ал осы тұрғыда Қостанай академиясының көрсетіп жатқан үлгілі істері баршылық.
Соның бірі құлақ дамуының туабітті екіжақты аномалиясы, екіжақты атрезия, микротия диагнозына шалдыққан кішкентай Ясмин Қабенованың емделуіне қаражат жинау үшін Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығының бірігуімен ұйымдастырылған қайырымдылық «Жан жылуы» кеші болды. Бүлдіршіннің  бір құлағына жасалған ота сәтті өтсе, ендігі кезекте екінші құлағына ота жасату үшін 5 миллион 919,5 мың қаражат керек. Оның миллионнан астам қаражаты жиналса, кеш барысында Ясминның ата-анасына екі миллион ақша табысталды. Бір аптаның ішінде осынша мөлшердегі қаражаттың жиналуы барша көрермендерді таңқалдырды. Бұл «Алақандағы өмір» жобасының тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш болды.
Қостанай облысының іскер әйелдер қауымдастығы бастаманы қолдаған Қостанай академиясына айрықша алғыстарын білдірді. Бүлдіршінге қолыңыздан келгенше көмек көрсеткіңіз келсе, анасының шотына кез-келген соманы жібере аласыз. Қайырымды іс жасап, игі іске сізде мұрындық болыңыз.

Kaspi банк 4400 4301 6938 5686 (тел.87714302737),
Халық банкі 5354 5100 8042 9185.
87714302737 телефонының балансын толтыра аласыз.
ЖСН 880617451047, Индира Нұрланқызы Қабенова (анасы).
ІСКБ инспекторы П.Жұмабек