Жалпы республикалық диктанттың қорытындысы

Ағымдағы жылдың 8-11 қыркүйегі аралығында қазақ кемеңгері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен «Ұлы Абай – халық жүрегінде» жалпыреспубликалық диктантына академияның курсанттары мен қызметкерлері де қатысқан болатын.
Аталмыш шараның  қорытындысы бойынша 15 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е. Мендекинова диктантты сауатты жазған қатысушыларға алғысхаттар табыстады.
Академияның оқу-саптық бөлінісі бастығының орынбасары полиция капитаны Нұрлан Бақытқалиұлы үздіктер қатарынан табылып, Алғысхатпен марапатталды.

Ішкі және сыртқы коммуникациялар
бөлімшесі