Жазғы оқу-дала лагері жобасы өз жұмысын жалғастыруда……………

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу – дала лагерінде жасөспірімдерге арналған жазғы әскери – патриоттық лагерь өз жұмысын жалғастырып жатыр. Бүгінде оқу-дала лагеріне келуші жасөспірімдердің саны күннен-күннен көбейіп келеді. Академияның педагогика және психология кафедрасының, психологиялық жұмыс орталығының, әскери және тактикалық арнайы даярлық кафедрасының, жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының қызметкерлері және күндізгі оқыту факультетінің курсанттары жасөспірімдермен күн сайын жұмыс жасап жатыр. Олармен әртүрлі бағытта тренингтер, спорттық ойындар өткізіп, жасөспірімдердің күндерін қызықты да тартымды өткізуде.


Сонымен қатар жасөспірімдердің оқу-дала лагерінде әр күнін қызықты өткізу үшін Академия қызметкерлері Жол-патрульдік полициясының, Қостанай облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының қызметкерлерін және тағы да басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін шақырды. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жасөспірімдерді жол жүру ережесімен, жол жүру ережесінің белгілерімен таныстырды, бағдаршам туралы айтып, көшеде дұрыс тұруды, жол қауіпсіздігін есте сақтауды ескертті, олармен квест ойынын жүргізді. Жасөспірімдер квест ойыны барысында жүргізушілерге өздерінің ойларын парақшаларға жазып, суреттерін салды. Іс-шара аяқталысымен, жол-патрульдік қызметінің қызметкері жасөспірімдерді марапаттады. Академияның психологиялық жұмыс орталығының қызметкерлері өзара көмек беру мақсатында олардың білімдерін жан-жақты дамытуға, спортқа деген құштарлығын арттыруға, берілген тапсырманы шапшаң да, жылдам орындауға бағытталған психологиялық ойындар өткізді.
Сонымен қатар Академия басшылығымен Ішкі саясат басшылығы бірлесе отырып, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Тобыл клубы манежіне экскурсия ұйымдастырды. Бұл — жастарды тәрбиелеудегі басты маңызды іс. Жасөспірімдердің белгілі ортада өзін қалай ұстау керектігін түсініп, өмірдің мәнін ұғынып, дүниенің оңы мен солын танып, құқықбұзушылықтың алдын — алуда, бос уақыттарын қызықты да тиімді өткізуде дұрыс бағыт алды.





Сондай-ақ жасөспірімдерге адам денсаулығына зиянын тигізетін ішімдік ішу, темекі және есірткі шегу сияқты жат қылықтардан бас тарту туралы ақпараттар берілді. Академия қызметкерлері бұл іс-шараны жасөсіпірмдерге екі жеті бойы өткізіп жатыр. Күннен – күнге қызметкерлеріміз әртүрлі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасап, олармен тәулік бойы бірге болып, жасөспірімдерге өздерінің көмектерін көрсетті.
Біздің басты мақсатымыз – жасөспірімдер арасында полиция қызметкерлеріне деген жақсы көзқарас қалыптастыру, сенімді қатынастарын орнату бағытында жағдай жасау.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы
О.Уақпаева