ЖАЗБАША ЕМТИХАНДАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2019-2020 оқу жылының Ғылыми кеңесінің бірінші мәжілісінде қысқы сессия емтихандарын жазбаша нысанға ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. Осыған орай «Білім алушылардың жазбаша емтихандарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Ереженің жобасы» дайындалып, ол профессорлық-оқытушылық құрамның арасында талқылануда.
2019 жылдың 18-23 қараша аралығында кәсіби дайындық факультетінің 4-курс, 24-қараша күні 2-курс, 30-қараша, 1,2-желтоқсан күндері 3-курс курсанттары үшін жазбаша емтихан ережелеріне сәйкес емтихандар тапсыруға дайындықтар ұйымдастырылып, өткізілді.
ЖАЗБАША ЕМТИХАН ӨТКІЗУДІҢ МІНДЕТТЕРІ:

— құзыреттілікті қалыптастырудың белгілі бір кезеңінде білім алушылардың білім, іскерлік және дағдыларының оқыту мақсаттарына сәйкестігін тексеру;
— білім алушылардың білімін объективті және тәуелсіз бағалаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
— білім беру қызметінің нәтижелері және оның сапасы туралы объективті ақпарат алу;
— білім алушылардың жазбаша сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— жоғары оқу орындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сессияны өткізудің оң тәжірибесін тарату.

ОҚУ САПАСЫН МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ
БАҚЫЛАУ (БАҒАЛАУ) БӨЛІМШЕСІ
КӘСІПТІК ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ